Алтын Орда базарында заманауи павильон ашылады

almaty.tv
almaty.tv
8 мың 300 шаршы метр аумақты құрайтын нысан маусым айының басында қолданысқа беріледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алтын Орда базарында заманауи павильон ашылады. 8 мың 300 шаршы метр аумақты құрайтын нысан маусым айының басында қолданысқа беріледі. Онда азық-түлік өнімдері барлық талаптарға сай сатылмақ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Базар әкімшілігі өрт сөндіру, желдету мен жылыту жүйесін жасап, тауарды сақтауға арналған мұздатқыш орнатқан. Ал екінші қабатта қос асхана, етті тексеретін зертхана болады. Нысан 1 жарым жыл бойы компанияның жеке қаржысы есебінен тұрғызылған.

«Әмбебап сауда кешенінің заманауи үлгіге ауысқаны жалға алушылар, сатушылар және келушілер үшін де жақсы. Себебі жағдайы жақсы болады. Базар қыста жылы, жазда салқын болады. Жалпы базар аумағы Алматы-Бішкек жолында орналасқан. Сондықтан  аумақ халықаралық жол  деңгейінде болуы үшін жерді тегістедік. Құрылыс жұмыстарына 70 адам тартылды», – деді «Алтын орда» базары директорының орынбасары Жұмадин ПАТОВ.

Сондай-ақ, Алтын Ордада жуық арада 60 мың шаршы метр болатын екінші павильонның да құрылысы басталмақ. Екінші жобада әрқайсысы 15 мың шаршы метрден 4 блокқа бөлінеді.

Новости партнеров