Белгілі блогерлер мен кәсіпкерлер ең қажетті медициналық құралдарды шет елдерден алдыртып жатыр

Арман Юсупов и Карина Оксукпаева
Арман Юсупов и Карина Оксукпаева
«Шұғыла» қайырымдылық қоры Қытайдан 1300 оттегі аппаратын жеткізбек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Ауруханалардағы демалу аппараттарының тапшылығы бірқатар ел азаматтарын бейжай қалдырмады. Қазақстандық блогерлер ең қажетті медициналық құралдарды шет елдерден алдыртып жатыр. Толығырақ Almaty.tv тілшісі Сымбат Ноғайдың материалында.

Коронавирустан болатын асқынулардың басым бөлігі қандағы оттегінің азаюынан, дейді мамандар. Ал, нарықта жасанды тыныс алу аппаратының бағасы шарықтап тұр. Блогер Бейбіт Әлібеков бастаған бір топ азамат «Шұғыла» қайырымдылық қорының жұмысын қайта жаңғыртты. Қайырымдылық қоры Қытайдан 1300 оттегі аппаратын жеткізбек.

Қиын-қыстау кезеңде қоғам белсендісі Дәулет Төлеутайұлы да аянып қалған жоқ. Төтенше жағдай кезінде оның қайырымдылық қоры мұқтаж отбасыларға 100 млн теңгеге  қаржылай және гуманитарлық көмек көрсеткен.  Енді 125 өкпені жасанды желдету аппаратын ауруханаларға жібереміз дейді ол .

«Қайырымдылық қоры енді міне дәл осы карантин уақытында «Екінші тыныс» атымен оттегі аппараттарын табу мақсатында қайырымдылық іс-шарасын өткізуде. Әлі де жалғасып жатыр. Себебі Түркиядан келе жатқан аппараттарымыз бар, алдағы уақытта Қытайдан аппараттар келеді», – деді экономист-журналист, қоғам белсендісі Дәулет Мұқаев.

Ал, блогер жұп Арман мен Карина komek2020.kz атты сайттың негізін салды. Онда дәрі-дәрмекке мұқтаж жандар мен оларға қол үшін созуға дайын азаматтар хабарлама қалдыра алады. Күні бүгін онлайн-платформаға жиырма мыңнан аса адам тіркелген. Ал, 3000-ға жуық жан қажетті дәрі-дәрмекке қол жеткізіпті.  

Сымбат Ноғай, «Алматы» арнасы


Новости партнеров