Алматыда қандай мекеме қызметкерлерінің жалақысы өседі

elements.envato.com
elements.envato.com
Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында белгілі болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қоғамдық даму басқармасына қарасты ведомстволық мекеме қызметкерлерінің жалақысы өседі. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбековтың айтуынша, басқарманың қарамағындағы «Өңірлік коммуникациялар орталығы», «Қоғамдық келісім», «Қоғамдық даму орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бар.

Аталған мекемелерде орташа айлық мөлшері - 167 мың теңге. Еңбекақы төмен болғандықтан онда кадр тапшылығы өзекті және жұмыстың тиісті деңгейде жүзеге аспауы байқалады. Бұл жайт жұмыс барысына кері әсерін тигізіп отыр.

– Басқарма қарамағындағы коммуналдық мекеме қызметкерлерінің еңбекақысына қосымша ынталандыруды қарастыруды ұсынып отырмыз. Сыйақы төлеу арқылы жалақы мөлшерін 50%-ға көтереміз. Бұл басқарма алдына қойылған міндеттерді орындау сапасына оң әсер ететін білікті кадрларды тартуға мүмкіндік береді, – деді Алматы қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбеков.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы мәслихатының кезекті XXII сессиясы өтті

Новости партнеров