2024 жылғы 26 тамызда сағат 17:25-те Атырау қаласы Береке ауылында 3 бала Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Белгілі болғандай, Жайық өзеніне батып кеткен 16 жастағы 3 жасөспірім бір жылда өмірге келген
– Бүгін сағат 17:25-те Атырау қаласына таяу орналасқан Береке ауылында 3 жасөспірімнің Жайық өзеніне батып кеткені туралы шақырту түсті. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, 3 жасөспірім ұлдың арнайы жабдықталмаған орында суға түскені анықталды. Жедел құтқару жасағының сүңгуірлері сағат 18:25-те екі жасөспірімнің мәйітін су астынан тауып, Жайық өзенінің жағалауына шығарды», – деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.
Қазір өзенге батқан үшінші жасөспірімді іздестіру жұмысы жалғасып жатыр. Жасөспірімді іздеуге 18 құтқарушы, 5 жүзу құралы, 4 техника тартылған.
Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы ата-аналардан балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұрайды.
Оқи отырыңыз: Оралда терезеден құлаған 2 жастағы қыз аман қалды