Әлемді әбігерге салған коронавирус індетіне қарсы тұру мақсатында, кәсіпкерлер мен еріктілер тұрғындарға қолдан келген көмектерін жасап жатыр, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі.
Солардың бірі – жеке кәсіпкер Айнұр ЖҰМАШ. Төтенше жағдай кезінде Алматы қарттарына қолдау көрсетіп, азық-түлікпен қамтамасыз етуде.
«Алматылық ретінде «Біз біргеміз» деген бастаманы ары қарай жалғастырып, ардагерлерге, үйінен шыға алмай жатқан қарияларға көмек ретінде қолдап келіп отырмын», – деді кәсіпкер Айнұр ЖҰМАШ.
Жомарт кәсіпкер халқымызға төнген қауіп кезінде бір-бірімізді қолдап, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесу әрқайсымыздың міндетіміз деп санайды.
«Бізге көмектесіп, қолдау көрсетіп жатқандарыңызға алғысым шексіз. Үкімет те, жастар мен кәсіпкерлерде міне көмек қолын созып жатыр. Тек өзімнің атымнан ғана емес, бүкіл қарттар атынан алғыс білдіремін. Осындай игі істер жалғасын таба берсін. Бұл жаман ауруды бірге жеңеміз», – деді Зейнеткер Анатолий КСЕНОФОНТОВ .
Жалпы, бүгінде «Біз біргеміз» акциясын қолдап, көмекке зәру жандарға қол ұшын созып жүрген кәсіпкерлер аз емес. Олардың қатары күн санап ұлғайып келеді.
Дана Насырқызы, Нұрбол Қызықбаев
«Алматы» телеарнасы