Алматы қаласында бизнес-орталық бұзылды

27.07.2023 02:49

Нысан бекітілген бас жоспарға сай емес

Almaty.tv

Ходжанов көшесінің шығысындағы Экспериментальная көшесінің солтүстігінде орналасқан төрт қабатты әкімшілік ғимарат көптеген заңбұзушылық үшін бұзылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нысан жобаның сараптамасынсыз салынды, сонымен қатар бекітілген бас жоспардан ауытқулар тіркелді.

Сот талапты алғаш рет Бостандық аудандық сотына 2020 жылдың 6 наурызында жіберді. Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды, алайда 3 жылдан астам уақыт бойы апелляциялық шағымдар мен істің жаңа жағдайларына байланысты сот талқылауы жалғасты.

2021 жылғы 13 мамырда мемлекеттік сот орындаушысы меншік иесіне сот шешімінің ерікті түрде орындалуы туралы хабарлама жіберді, алайда меншік иесі жер учаскесін сатты, осыған байланысты шешім орындалмай қайтарылды.

Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы жер учаскесін сатып-алу шартын жарамсыз деп тану туралы талап арыз беруге бастамашылық жасады. 2022 жылғы 27 қаңтардағы сот шешімімен мәміле жарамсыз деп танылды, Алматы қалалық сотының 2022 жылғы 27 сәуірдегі қаулысымен шешім өзгеріссіз қалды.

Бұзу күні тағайындалғаннан кейін сот орындаушысының әрекеттеріне шағым жасалды және үшінші тұлға бұзу туралы шешімге Алматы қалалық сотына апелляциялық шағым берді.

Алматы қалалық сотының қаулысымен апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды, бірақ кейін ол Жоғарғы сотта қаралды. Жоғарғы соттың қаулысымен кассациялық шағымды қараудан бас тартылды, содан кейін сот орындаушысы бұзу күнін белгіледі.

Осылайша, нысанды мәжбүрлеп бұзу бүгін, 2023 жылдың 26 шілдесінде басталды.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында 100-ден аса отбасы тұрғын үй кешенінің құрылысына қарсы