Жамбыл облысында асарлатып салынған 106 баспана мұқтаж әрі көпбалалы отбасыларға тегін берілді

Almaty.tv
Almaty.tv
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында 106 баспана су тегін беріліп жатыр. Бұл үйлер іргетасынан басталып шатырына дейін облыстың әр ауыл-аймағында салынуда. «Асарлатып үй салу» деп аталатын жобаны өңірдегі ауылдық тұрғындар қолдап, әркім мүмкіндігінше қол созуда. Осылайша елді-мекендегі мұқтаж әрі көпбалалы отбасылар қоныс тойын тойлап жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жамбыл облысында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «Асарлатып үй салу» жобасымен бой көтерген алғашқы үй пайдалануға берілді. Байзақ ауданы Мәдімәр ауылының тұрғынына баспана кілтін табыстау үшін облыс басшылығы арнайы барды.

«Бұл жобаның үлкен тәрбиелік мағынасы бар. Елдің жанашырлығын, ынтымағын тағы да мына ұлтымыздың намысқа тырысып, осындай азаматтарымызды қолдауы бұлбір жастарға деген үлкен тәрбиелік мәні бар. Қазақта жақсы сөз бар ғой, Алаштың балалары біріксе күш, қосылса қуат болады деген. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып жатқанымыз, жастарға үлкен тәрбие», – деді облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев.

Жағымды жобаға аудан әкімдігінен 15 соттық жер беріліп, ауыл тұрғындарының көмегі, жомарт жандардың қолдауымен төрт бөлмелі еңселі үй тұрғызылды. Сондай-ақ, шаруа қожалығының демеушілігімен отбасына 1  сиыр, 5 қой берілді. Ал, құрылыс жұмыстарын толықтай ауылдастар өздері жүргізген.  

«Аудан, тіпті, облыс бойынша бірінші беріп отырмыз үйді. Бұл біз үшін мақтаныш. Біздің ауылымыздың атауы Ынтымақ, бұрынғы атауы. Сол ынтымағы бірлігі  жарасқан елміз бұрыннан. Жалпы біздің ауыл мұндай үрдістер көп, жастар көп нәрсеге мұрындық болып жатыр», – деді Мәдімәр ауылының тұрғыны Асан Әлмақашев.

«Осы ауылда бірнеше шаруа қожалық бар. Бәрі жиналып асарлатып, осы қарындасымызға өсіп өнуіне бәрімізде малдай заттай көмек көрсетіп жатырмыз», – деді жеке кәсіпкер Жолдас Рахманов.

Айта кетірлігі ауылда қай отбасыға үй салыну керектігі ауыл ақсақалдарының шешімімен анықталған. Ал бұрын киіз үйде тұрып келген көпалалы ананың алғыстан басқа айтары жоқ.

«Қуаныштымын бұл жобаға өте қуаныштымын. Себебі үйі жоқ адамдар бар, қол ұшын беріп мен сияқты мысалы қуанышым шексіз. Дүние мебель ішіне бәрін әкеліп кіргізіп, тегін бәрі, берді. Әрине қуаныштымын бұндай жоба әліде жалғасын тауып бола берсе екен», – деді Мәдімәр ауылының тұрғыны Ғалия Құрманова

Ауқымды жоба арқылы бүгінде 106 үй салынуда. Басымының құрылысы аяқталуға жақын. Айта кетерлігі атадан қалған қайыры мол қайырымдылық шарасын облыс әкімі де қолдап отыр.

Мерей Бает, Шыңғысхан Кеңесхан, Мейіржан Ерболатов, «Алматы» арнасы, Жамбыл облысынан

Новости партнеров