Халыққа арналған алаң жалпы 9400 шаршы метр аумақты алып жатыр
Қонаев қаласында Қазақстан бойынша ең үлкен скейтпарк ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Халыққа арналған алаң жалпы 9400 шаршы метр аумақты алып жатыр. Саябақ керек жарақтармен толық жабдықталып, мұнда серуен құруға барлық жағдай жасалған, - дейді жергілікті әкім. Бірақ әзірге қолданысқа үлкен парктегі тек скейт алаңы ғана берілген. Қалған бөлігінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
«Республика деңгейінде жарыс өткізу жоспарымызда бар. Бұл парктің ішінде әр жасқа арналған алаңдар бар. Кішкентай балалардан бастап, үлкен кісілерге дейін барлық жағдай жасалған», – деді Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев.