Bek Air ұшақ апатына қатысты сот отырысының не себепті созбалаңға салынғаны белгілі болды

Almaty.tv
Almaty.tv
Жер телімдеріне қатысты заңсыздыққа байланысты 6 адам күдікке ілінген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Bek Air ұшақ апатына қатысты сот отырысының не себепті созбалаңға салынғаны белгілі болды. Жер телімдеріне қатысты заңсыздыққа байланысты 6 адам күдікке ілінген. Соның бірі Нұрайым Алданыш есімді әйелдің тергеу изоляторында отырғанына 10 айдан асқан. Ал қалғандары үй қамағында. Одан бөлек, әр сот отырысы өткен сайын Гүлдала елдімекеніндегі заңсыз жерге қатысты жаңа деректер шығып жатыр. Нәтижесі қалай болады? Кінәлілер қашан анықталады? Almaty.tv тілшісі Ұлағат Арғын тарқатады.

Әуежай маңындағы жер телімдерінің заңсыз сатылуына қатысты сот ісінде 6 адамға айып тағылған еді. Әлия Алданыш алты айыпталушының арасынан әпкесінің жалғыз өзі қамауда отырғаны әділетсіз деп санайды. Айтуынша, ол 10 айдан бері тергеу изоляторында жазықсыз отыр. Ол Нұрайым Алданышты да басқалары секілді үй қамаққа шығаруын сұрайды. Ал, адвокаты кепілмен босатуды сұрағанымен, шағымы кері қайтарылыпты.

«Соттың созылуына бірден-бір себеп Нұрайымның іспен жөнді таныспауы. Маусым айында сотпен таныс деп қайтырып жіберген. Содан кейін сот болатын 3 күн қалғанда 4 мың беті бар сот ісін алып келген алдына таныс деп. Нұрайымның 3 күнде 4 мың бетті оқып танысуы мүмкін емес. Сол үшін сот созылып жатыр», – деді Нұрайым Алданыштың сіңілісі Әлия Алданыш.

Әуежай маңындағы үйлердің заңсыз салынғаны 2015 жылы белгілі болып, тіпті арнайы комиссия да құрылған. Бірақ жабулы қалған қазанның қақпағы апаттан кейін қайта ашылып отыр. Ал, содан бері мәселенің май шаммен қаралмауына облыстық әкімдіктің өкілдері жер жеке иелікте болды деп жауап берді.  

«Бұл жер нысаналы мақсатын өзгерткен кезде, ауыл шаруашылығындағы жер болып қалған. Ол жерге үй салуға өкілетті орган тарапынан үй салуға рұқсат берілмеген. Елдер салып алған өздері», – деді облыстық жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Қайрат Қыдырбаев.

Ұшақ құлаған аймақтың 1 гектар, 350 сотығы 2011 жылы жеке иелікке өткен. Бұл бастапқыда ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға беріліпті.

2019 жылы 12 адамның өмірін жалмаған «Фоккер-100» ұшағы апатқа ұшырап, Алматы әуежайының маңында заңсыз сатылған жерлерге қатысты сот отырысы әлі де ұзаққа созылатын секілді. Белгілі болғандай, әр сотырысы өткен сайын жаңа тың деректер ашылып жатыр. Сотқа жолданған қылмыстық істің ақыры немен тынатыны әзірге белгісіз. Келесі сот отырысы 20 қаңтарда өтеді.

Ұлағат Арғын

Новости партнеров