Қазақстанда интернет жылдамдығы неге төмендеді

serfery.ru
serfery.ru
Ел тұрғындарының басым бөлігі қашықтықтан жұмыс істеуге көшті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда интернет жылдамдығы неге төмендеді? Бұл сұраққа «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның жеткізуінше, елімізде төтенше жағдай және бірқатар өңірде карантин режимі енгізілгеннен бері «Қазақтелеком» компаниялар тобының сыртқы интернет арналарға трафигі 20 пайызға, ал Google, Yоutube желілері мен мессенджерлердің трафигі 15 пайызға артқан.  

«Ел тұрғындарының басым бөлігі қашықтықтан жұмыс істеуге көшті. Бұдан бөлек, видеоконтентті қолданушылардың саны артты. Наурыз айында ғана «Қазақтелеком» компаниясының абоненттік базасына 25 мыңнан астам үй қосылды. Сыртқы интернет арналардың сыйымдылығын 365 гигабитке өсірдік. Егер карантинге дейін сыртқы трафик 1200 гигабит болса, қазір ол 560 гигабитты құрап отыр», – деді «Қазақтелеком» ақ басқарма төрағасы Қуанышбек ЕСЕКЕЕВ.

Сондай-ақ, Қуанышбек Есекеев телефон байланысын, интернет пен ақылы телевизия үшін уақтылы төлемеген абоненттер карантин кезінде ажыратылмайтынын мәлімдеді. Барлық клиенттер үшін Интернет желісіне шексіз қолжетімділік берілген.

Новости партнеров