Алматыда ҚР Қарулы күштері жайлы кітаптың тұсаукесері өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Жинақ 1000 тиражбен жарық көрді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматыда «ҚР Қарулы күштері. 1991-2001 жж: құжаттар мен материалдар жинағы» атты кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

30 жылдыққа орай алғаш рет 1000 тиражбен жарық көрген басылымда 100-ден аса мұрағаттық құжат қамтылып, еліміздің Қарулы Күштерінің құрылуы мен қалыптасуы және реформасы көрсетілген. Салтанатты рәсімді ұйымдастыруға Президент Архиві мен Қарулы Күштердің Әскери-тарихи музейі мұрындық болды.

«Кітапқа 1991 жылдан бері біздің саяси тарихымызда көрініс тапқан әскери Қарулы Күштердің іс-әрекетіне байланысты құжаттарды енгіздік. Нақты айтсақ, 2 әскери доктринасының толық нұсқасы беріліп отыр. Бұл тек терілген құжаттар емес, біз оларды факсимилесін, өзінің түпнұсқасын көрсетуге тырыстық», – деді ҚР Президентінің мұрағаты директорының орынбасары Қайрат Әлімғазинов.

Новости партнеров