|
09.04.2020 | 22:00
1296

Президент жарлығы: Алматы қаласы бойынша 100 сарбазға жауынгерлік форма табысталды

Олардың арасында шақырту қағазын күтпей-ақ, өз еркімен келгендер аз емес

Президент жарлығы: Алматы қаласы бойынша 100 сарбазға жауынгерлік форма табысталды Almaty.tv

Алматы бойынша әскери жиынға шақырылған азаматтардың алғашқы легі бүгін форма киіп сапқа тұрды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олардың арасында шақырту қағазын күтпей-ақ, өз еркімен келгендер аз емес. Көбісі отан алдындағы борышын өтеп, қазір запаста жүргендер.

Төтенше жағдай кезінде өз еркімен әскери жиынға сұранып, көпке көмектескісі келетіндер Алматыда аз емес. Солардың бірі – Қанат Жанғалиев. 2008 жылы ол Қапшағайдағы инженерлік-саперлік бригадасында борышын өтеп келген. Президент жарлығын ести сала, ойланбастан аудандық военкоматқа құжаттарын тапсырыпты.

«Осы жаққа келген себебім –  Алланың қалауымен карантинді тез бітіріп, елімізге көмектесу. Әскери жиын болып жатқаннан кейін сол үшін келіп тұрмыз енді. Осы карантин қалай басталды, сол елімізге, халқымызға көмек, әскерилерге көмек деген сияқты, өз борышымыды орындауға келіп тұрмын», –  деді қала тұрғыны Қанат ЖАНҒАЛИЕВ.

Арнайы жиынға 60 жасқа дейінгі денсаулығы жарамды, әскери тіркеуде тұрғандар қатыса алады. Бүгін қала бойынша 100 сарбазға жауынгерлік форма табысталып, міндеттері түсіндірілді. Ертеңнен бастап біреуі облыс аумағындағы блок-бекеттерде қызмет етсе, енді біреуі қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ат салыспақ. Төтенше жағдай кезінде тәртіп сақшылары ел қауіпсіздігі үшін күшейтілген тәртіпте тынымсыз жұмыс істеп жатыр. Осындай кезде запастағы әскерилердің көмегі аса қажет екендігі айтпаса да түсінікті.

«Жоспарланып отырған осы Алматы қаласында 200 адамды аламыз деп отырмыз. Мерзімі 1 ай деп белгіленген. Олар шақырылған уақытта толықтай әскери киіммен толық қамтамассыз етіледі. Ауа-райына байланысты қастық және жаздық кимідер беріледі», –  деді қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Амантай ӨСЕРБАЕВ.

Арнайы әскери жиынға шақырылған азамттардың жұмыс орны және лауазымы сақталады. Тіпті, жалақысы да ай сайын сол мөлшерде төленіп тұрады. Ал жұмыс істемейтіндерге  ең төменгі айлық көрсеткіш, яғни 42500 теңге, қызмет ету мерзімі аяқталғанша төленіп тұрады.

Ұлағат Арғын, Ғани Қалуов, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир