Қарттар мен балалар үйлеріне, интернаттарға қорғану және санитариялық гигиена құралдары қалдық бойынша берілетін сияқты әсерде қалдырады. Бүгін Парламенті Сенатының төрайымы Дариға Назарбаева осылай айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өз сөзінде ол медицина саласын дамытуға жеке тоқталып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен бұл сала ауқымды мемлекеттік қолдауға ие болатынын атап өтті.
«Қарттар мен балалар үйлері, интернаттар. Депутаттарға, жеке маған да азаматтар мен осы медициналық-әлеуметтік мекемелердің өкілдерінен қорғану және санитариялық гигиена құралдарының тапшылығы туралы өтініштер үнемі келіп түсуде. Халықаралық және отандық тәжірибе көрсеткендей, олар – қоғамның ең осал бөлігі. Ол адамдар мүлдем ұмыт қалғандай әсерде қаласың, қарттар мен балалар үйлері және мамандандырылған интернаттар қалдық бойынша қамтамасыз етілетін сияқты. Қорқынышты тенденция. Шешімін табу қажет», – деді ҚР Парламенті Сенатының төрайымы Дариға НАЗАРБАЕВА.
Сенат басшысы барлық мемлекеттік органдармен қатар депутаттардың алдына бірқатар міндеттер мен проблемалық мәселелер қойылып отырғанын атап өтті. Дариға Назарбаева агроөнеркәсіп кешенін дамыту стратегиясына ерекше назар аударды. Қазақстанның оңтүстігіндегі ауыл фермерлер тап болған өзекті мәселелерге жеке тоқталды.
«Қырыққабат өніміне байланысты Түркістан облысында орын алған жағдайға қараңыздаршы. Бүкіл әлем көптеген елдерде аштықтың орын алу ықтималдығы жоғары екенін талқылап жатқанда, біз жиналған өнімдермен не істерімізді білмей отырмыз. Бұл жағдайды мәслихаттар мен тексеру комиссиялары қатаң бақылауға алу қажет. Фермерлердің еңбегін зая кетіруге біздің құқығымыз жоқ. Оларға мемлекеттің көмегі қажет, оны осы айдың тәжірибесі көрсетті. Көмекті ішкі нарық қажеттілігіне, сондай-ақ қайта өңдеу мен экспорт мүмкіндігіне қарай көрсету керек», – деді ҚР Парламенті Сенатының төрайымы Дариға НАЗАРБАЕВА.