|
03.12.2021 | 22:02
1008

Туристерге билет құны қайтарыла ма: Қазақстан бірқатар елмен әуе қатынасын шектеді

Бүгінде жаңа «омикрон» штамы әлемнің бірнеше еліне тарап кетті

Туристерге билет құны қайтарыла ма: Қазақстан бірқатар елмен әуе қатынасын шектеді Аlmaty.tv

Туристерге тағы да тықыр таянды. Қысқы демалысын мұхит асып, шет елде өткізбек болған тұрғындардың жоспары орындалмайын деп тұр. Себеп – әлем елдеріндегі эпидахуалдың нашарлауы. Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі әлемнің бірқатар елмен әуе сапарларын уақытша шектеді. Бұл шаралар 3 қарашадан бастап күшіне енді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Сымбат Қайранбаева осымен екінші жылы шет елдегі саяхатына бара алмайын деп тұр. Биыл ол жолдасымен Мысырға барып демалуды жоспарлаған. Ұшаққа билет те сатып алып қойыпты. 14  желтоқсан күні ұшып кетуі керек екен. Екі күн бұрын туристік компаниядан Египетке әуе қатынасының тоқтағаны туралы айтып хабарласқан. Енді сатып алған билеттерінің ақшасын қайтаруын сұраса, ол тек 3 айдан кейін мүмкін болатынын айтыпты.     

«Туристік операторлардың айтуынша, шектеу алдымыздағы жылдың наурыз айына дейін сақталуы мүмкін. Бізге басқа елдерге барып, саяхаттауды ұсынды. Ол – Түркия елі. Қазір ол жақта күн суық, сондықтан да демалысымызды әзірге кейінге қалдыруды ұйғардық. Менің түсінбейтінім, жабатын болса, неге барлық шетелдегі шекараны жаппайды. Вирус жұғатын болса, елге қарамайды ғой, ол әуежайда да, көпшілік орындарда да кең таралуы мүмкін. Бастысы, сақтану керек», – деді қала тұрғыны Сымбат Қайранбаева.

Яғни, «омикрон» анықталған Израиль, Чехия, Бельгия, Италия, Австриалия, Канада секілді 10 елден келетіндер Қазақстанға кіре береді. Бірақ олар ПТР нәтижесінің оң болғанына қарамастан, 7 күн үй карантинде отырады.  

Бүгінде жаңа «омикрон» штамы Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар секілді Африка елдерінде және Ганконгта өршіп тұр. Сондықтан бұл елдерден келетін шетел азаматтары Қазақстанға мүлде кіргізілмейді. Сол үшін Мысырмен де әуе қатынасы бүгіннен бастап тоқтатылды. Ал тиісті ведомствоның хабарлауынша, қазір Мысырда 2800 Қазақстан азаматы демалып жүр екен. Мамандар оларды елге қатару үшін алдағы күндегі арнайы чартерлік рейстер ұйымдастырылатынын айтты.

«Бүгіннен бастап Мысырдан келген қазақстандықтар вакцинаның 2 кезеңінен де өткеніне қарамастан және ПТР анықтамасы оң нәтиже көрсетсе де, үй карантиніне оқшауланады. Оларды арнайы чартерлік рейспен елге қайтару жұмыстары 3-10 желтоқсан аралығында жүргізіледі. Қазір келіссөздер жүріп жатыр», – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Халықаралық қатынастар басқармасының бас сарапшысы Нұрсұлтан Хамит.   

Еске салайық, қауіпті штамм алғаш рет 24 қарашада Африканың оңтүстігінде анықталған еді. Одан әзірге ешкім көз жұмбаса да, бұл штамм 32 рет мутацияланып, тіпті екпе салдырғандар мен коронавирусқа бұрын шалдыққандарға да жұғуы мүмкін деген болжам жасалды.

Ұлағат Арғын, Жақсылық Тілепберген, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир