Тұман түсіп, қар жауады: 4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Крыминформ
Крыминформ
Республиканың кей жерлерінде жел тұрады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазгидромет» 4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстанның солтүстігі, шығысы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі. Жаңбыр мен қар жауады, солтүстікте, шығыста көктайғақ және жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыста күндіз шаңды дауыл болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшейюі күтіледі. 

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында көктайғақ, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. 

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түседі. 

Жамбыл облысының таулы аудандары мен тау бөктерлерінде тұман, күндіз оңтүстік-батысында, солтүтүстік-шығысында шаңды дауыл, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдіңдің күші 15-23 м/с жетеді.

Павлодар облысының жолдарында көктайғақ, батысында желдің 15-20 м/с күшеюі, түнде солтүстігінде тұман күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының жолдарында көктайғақ, солтүстік жартысында жаяу бұрқасын, түнде батысында қатты жел соғады. 

Түркістан облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, күндіз солтүстік-батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Атырау, Маңғыстау, Ақмола, облыстарында тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. 

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының орталығында, Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі.

Новости партнеров