|
17.02.2020 | 22:04
1799

Алматыда ерікті тьюторлар аутизмге шалдыққан балаларды тегін оқытады

Бүгінде Қазақстанда 150 мың бала аутизм диагнозымен өмір сүреді, олардың 600-і ғана өздігінен білім алуда

Алматыда ерікті тьюторлар аутизмге шалдыққан балаларды тегін оқытады Mgppu.ru

Аутимзге шалдыққан әр бала білім алуға құқылы. Өкінішке қарай, елімізде осындай сырқатқа ұшырағандар саны артқанымен, оларға білім беретін мамандардар да, орталықтар да, әлі күнге дейін тапшы. Ал, соңғы кездері тьютор деген мамандық көп айтылып жүр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматылық Лейла Байрамова - ерекше баланың анасы. Ол ұлының аутизм дертіне шалдыққанын 3 жасқа толғанда бір-ақ білген.  Александр есімді баласын мамандар көмегімен, түрлі ем-дом қолданып қанша емдегенімен, 14 жастағы жеткіншекті ортаға бейімдеу кезінде түрлі қиындықтар туындаған. Сондықтан Лейла бәрін тастап тьютор болуға шешім қабылдайды. Енді ол, аутизмге шалдыққан балаларға инклюзивті білім беріп жүр.

«Аутизм синдромымен ауыратын балаларды қарапайым мектепке тіпті арнайы интернатқа да алмайды. Сондықтан біз арнайы қор құрып, сол қордың жанынан орталық аштық. Онда ерікті тьюторлар аутизмге шалдыққан балаларды тегін оқытады. Мен де осындай ерекше баланың анасы болғандықтан ауыртпалықты түсінемін», - деді ерекше баланың анасы Лейла БАЙРАМОВА.

Бүгінде Қазақстанда 150 мың бала аутизм диагнозымен өмір сүреді.  Олардың 600-і Алматыда өздігінен білім алып жүр. Мамандардың сөзінше, есейген сайын олардың зияткерлік дамуы төмендеп, қоршаған орта мен білім алуға ынтасын арттыру қиындай түседі.  Сол себепті ерекше мұқтаждағы балалар, қарапайым мектеп қабырғасында емес, үй жағдайында білім алуларына тура келеді. Алайда тьютор мамандары әлі де жеткіліксіз.

«Аутизм синдромымен ауыратын балаларға арнайы техникалық, психологиялық және педагогикалық жағдай жасау қажет. Бұған қоса тьюторлар мен көмекші мамандар қажет. Айтылған қызметтің барлығына  жергілікті бюджеттен қаржы бөлінеді. Егерде мектеп пен жергілікті бюджет аталған қызметкерлердің штатын арттыра алмаған жағдайда олар еріктілердің көмегіне жүгінуіне мәжбүр болады», - деді заңгер Айгүл ШАКИБАЕВА.

Ресми дерек бойынша, елдегі кәмелет жасқа толмаған балалардың 3 пайызы инклюзивті білім алуға зәру. Олардың 40 мыңға жуығына ғана арнайы білім беретін жағдай жасалған. Бұл ретте  көмекке зәру балалардың ата-аналары биылғы «Еріктілер жылына» зор үміт артып отыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир