|
17.02.2020 | 22:08
1998

«Охотзоопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиевті өлтіргендер өмір бойына бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Ал, қорықшының туыстары материалдық шығын есебінде 9 миллион, ал моральдық шығын есебінде 20 миллион теңге талап етіп отыр

«Охотзоопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиевті өлтіргендер өмір бойына бас бостандығынан айрылуы мүмкін Almaty.tv

Қарағанды облысында Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Охотзоопром" инспекторы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты сот отырысы өтті. Жауапқа тартылып жатқандар Қызылорда облысының 7 тұрғыны, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Үшеуіне «жасаған қылмыстарын жасыру үшін Нұрғалиевті өлтірді және тағы бір қорықшы Петр Ницыкты өлтірмек болды» деген айып қоса тағылған. Прокурор оларды өмір бойына бас бостандығынан айыруды және жазасын қылмыстық атқару жүйесінің төтенше жағдайдағы қауіпсіздік мекемесінде өтеуін талап етті. Ал, «жойылып кету қаупі төнген сирек жануарларды заңсыз атты» деп айыпталған қалған төрт азаматты 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Айта кету керек, браконьерлер қолынан қаза тапқан марқұм Ерлан Нұрғалиевтің туыстары материалдық шығын есебінде 9 миллион, ал моральдық шығын есебінде 20 миллион теңге талап етіп отыр. Еске салайық, былтыр 15 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласындағы  № 1 ауруханада "Охотзоопром" мекемесінің  инспекторы қайтыс болды.

«Айыпталушы Базаров, Қайырбеков, Мырзабаев және Әкімовтің жазасын жеңілдеткеніне біз келіспейміз. Оларды Қылмыстық Кодекстің 432, 433, 434 баптары бойынша да кінәлі деп тапқанын қалаймыз. Себебі олар аса ауыр қылмыс жайлы біле тұра хабарламаған. Қазір оларды тек заңсыз аң аулағаны үшін ғана жауапқа тартып жатыр», - деді Е. Нұрғалиевтің туысы Ғалымжан ТӘУЕКЕЛОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир