Алматыда қоғам қайраткерінің құрметіне мемориалдық тақта орнатылды

18.02.2022 в 03:04

Іс-шараның салтанатты ашылуына өнер жанашырының жерлестері, тәлімін алған қоғам қайраткерлері мен туыстары қатысты

Алматыда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Ізбасар Балтағұлұлы құрметіне мемориалдық тақта орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Іс-шараның салтанатты ашылуына өнер жанашырының жерлестері, тәлімін алған қоғам қайраткерлері мен туыстары қатысып, жарқын тұлғаның өткен жолын еске алды.

Айта кетейік, Ізбасар Балтағұлұлы ескерткіш тақта ілінген үйде 1971-2019 жылдардың аралығында тұрған.

«Ізбасар Балтағұлұлының бір ерекшелігі үнемі сөзінде тұратын. Әр айтқан сөзін істей алмаса да, кейін жасап беруге тырысты», – деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мүсілім Дайырбекұлы.