«Іс-шара нәтижесінде Тараз қаласының көшелерінде және сауықтыру орталықтарында жезөкшелікпен айналысқан 20 азаматша анықталды
Жамбыл облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы мен Тараз қаласының Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің өкілдері адам саудасы деректерін анықтау, болдырмау және алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Рейд барысында түнгі уақытта облыс орталығының көшелері, сауықтыру орталықтары, қонақ үйлер, сондай-ақ ойын-сауық орындары тексерілді, деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.
«Іс-шара нәтижесінде Тараз қаласының көшелерінде және сауықтыру орталықтарында жезөкшелікпен айналысқан 20 азаматша анықталды. Олардың барлығы дактилоскопиялық сараптамадан өткізіліп, есепке алынды. Сонымен қатар, қыздармен профилактикалық бағытта әңгіме жүргізілді»,-делінген ведомства хабарламасында.