Алматы облысында 40 жастағы әйелді үш ер адам жабылып зорлаған

22.06.2019 03:11

Жәбірленуші 1992 жылы туған күдіктінің бірімен таныс болған

Алматы облысының полиция қызметкерлері 40 жастағы әйелді зорлады деген күдікке ілінген екі азаматты ұстады, деп хабарлайды аймақтық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"19 маусым күні Алматы қаласының тұрғыны Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімшесіне хабарласып, өзіне зорлық-зомбылық жасаған күдіктілердің нақты белгілерін айтып берген", - делінген хабарламада. 

Полицияның мәліметіне сәйкес, жәбірленуші 1992 жылы туған күдіктінің бірімен таныс болған. Олар әйелді Есік қаласындағы қонақүйдің бірінде зорлаған.

Қазіргі таңда екі күдікті ұсталды. Ал үшінші қылмыскерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.