Алматыда меншік иелерінің бірлестігін құру үшін пәтер иелерінің кемінде 26 пайызының келісімі қажет. Бүгін онлайн брифингте серіктестіктің қалай құрылатыны және тіркеу туралы айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Есте болса, осы жылдың басында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі заң күшіне енген. Енді қала тұрғындары пәтер иелері кооперативтері орнына басқарудың жаңа тәртібіне өтуге тиіс. Қазіргі таңда Алматыда бұл бағытта белсенді жұмыстар атқарылуда. Дегенмен эпидемиялық жағдайға байланысты жиналыстарды жазбаша немесе әлеуметтік желі арқылы жүргізу ұсынылды.
«Жылына 3 мыңға жуық шағымдар келіп түседі. Және КСК-ның қызметіне орай. Соның ішінде олардың қаражаттың қайда жұмсалып жатқанының белгісіздігі. Соған байланысты мынау аталған заңда билікті пәтер иелері кооперативтері және тұрғын емес үй-жайларының өздерінің қолына беру. Жылдың басынан бастап қыркүйек айына дейін жиналыс өткізуге мүмкіндік болған жоқ», – деді қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиев.
Ал мүлік иелерінің бірлестігін тіркеу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару қажет. Оған өтініш, жиналыстың хаттамасы, жарғы және тіркеу алымын төлегені жөніндегі түбіртекті өткізу қажет. Тіркеу алымы 2778 теңге тұрады. Тіркеуге бас-аяғы 5 жұмыс күні қажет. Үйді басқарудың жаңа формасына өту және заңды тіркеу жөнінде сұрақтар туындаса 1414 бірыңғай нөміріне жүгінуге болады.