#BizBirgemiz: Алматыда 700-ден аса мұқтаж отбасына көмек көрсетілді

25.03.2020 03:13

Жергілікті әкімдік "Мен алматылықпын" қоғамдық бірлестігімен біріге отырып, челленджге қолдау білдірді. ⠀ ⠀ ⠀

Фото: Nur Otan

Алматыда #BizBirgemiz челленджі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Белсенділер осылайша қайырымдылық пен айналысуды мықтап қолға алған сыңайлы. Игі дәстүр Жетісу ауданында өткізілуде. Жергілікті әкімдік "Мен алматылықпын" қоғамдық бірлестігімен біріге отырып, челленджге қолдау білдірді. ⠀ ⠀ ⠀

Акция аясында жалғыз басты қарт адамдарға, мүгедектерге және аз қамтылған көп балалы отбасыларға азық-түлік себеттері жеткізілді. Нәтижесінде 700-ден аса мұқтаж отбасына көмек көрсетілді. Ал халық көрсеткен көмегі мен азаматтық ұстанымы үшін белсенділерге алғыс айтты.  ⠀