|
19.09.2019 | 11:46
3188

«Алматы» арнасы ҰОС, тыл еңбеккерлерімен бірге деректі фильм түсірмек

Жеңіс күнінің 75 жылдығына арналған туындыда 85 майдангердің өмірі көрсетіледі

«Алматы» арнасы ҰОС, тыл еңбеккерлерімен бірге деректі фильм түсірмек

Алматылық студенттер белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, отандық архив ісінің ардагері Бижамал Рамазановамен кездесті. Ол Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетін 1959 жылы бітірген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Өмірде көпті көрген тұлға сол оқу орнының студенттеріне Қазақстанның дамуына үлес қосқан тұлғалардың өнегелі өмірінен ұлағатты әңгімелер айтты. Қазақтың біртуар тұлғасы Дінмұхамед Қонаев мемлекет басқарған тұста Алматы облыстық партия комитетінің хатшысы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының хатшысы міндетін атқарған.

«Біздің кезіміз өте қиын болды. Соғыс кезінде жұмыс істедім. Сондықтан біз осы қабырғада 4 жыл отырған жоқпыз. Еңбек ете жүріп, оқыдық. Бірақ менің өмір бойғы жұмысым осы тәрбиемен байланысты болды. Мен Әуезовтің көзін көрдім соның барлығы осы университеттің арқасы. Сондықтан бұл оқу орны менің жүрегімде, көкірегімде мәңгі сақталып қалды», – деді мемлекет және қоғам қайраткері Бижамал РАМАЗАНОВА.

Бижамал Рамазанова жастайынан сұрапыл соғыстың қиын шақтарында күн кешіп, орта біліммен жас бүлдіршіндерге сабақ беріп қана қоймай, тыл жұмыстарына белсене ат салысқан. Алдағы уақытта біздің арна «Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» қоғамдық қорымен бірлесе отырып деректі фильм түсіруді көздеп отыр. Жеңіс күнінің 75 жылдығына орай түсірілетін шындыққа негізделген туындыда 85 майдангердің өмірі көрсетіледі.

«Біз өзіміздің ардагерлеріміздің күнделікті өмірін көрсеткіміз келеді. Кейінгі ұрпақ, жалпы Алматы тұрғындары осы қалада кіммен бірге өмір сүріп жатқандарын білсін», – деді «Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» қоғамдық қоры директорының орынбасары Мариям АБДУЛИНА.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир