|
15.01.2020 | 18:41
42443

«Қайырымдылық бұрышында» қарттарға тегін көкөніс пен жеміс-жидектер беріледі

Әр зейнеткер ол жерден күніне 1 келіден 3 келіге дейін азық-түлік алуына болады

«Қайырымдылық бұрышында» қарттарға тегін көкөніс пен жеміс-жидектер беріледі

Жақсылық жасаудың шегі жоқ. Бастысы, амалыңыз адал, жүрегіңіз мейірімге толы болғаны абзал. Әуезов ауданында ел аяғы саябырсымайтын бір орын бар. Оны халық «қайырымдылық бұрышы» деп атап кеткен. Зейнеткерлер мұнда келіп, көкөніс пен жеміс-жейдекті тегін ала алады. Рамазан есімді ерікті әлеуеуметтік базардан осындай орын ашуды бұрыннан ойлап жүріпті. Кейіннен оның идеясын қолдайтындар табылған,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Рамазан Чинчанло – жас кәсіпкер. Оның осы базарда көкөніс пен жеміс-жидек сатып келе жатқанына біраз жылдар болыпты. Қайырымдылық бұрышы өткен жылдың қараша айынан бастап жұмыс істеп келеді. Әр зейнеткер ол жерден күніне 1 келіден 3 келіге дейін азық-түлік алуына болады.

«Егде жастағы адамдармен сөйлескен кезімде, олар зейнетақыларының аз екенін айтатын. Сол себепті оларға тегін азық-түлік беру ойыма келді. Яғни, сатып тұрған көкөніс пен жеміс-жидегімнің азадаған бөлігін тегін беремін. Зейнеткелер ризашылықтарын білдіріп жатыр», - деді жас кәсіпкер Рамазан ЧИНЧАНЛО.

Рамазанның идеясын бірден-бір қолдаған Алматы финанс әлеуметтік-әсіпкерлік корпорация ұжымы. Бұл әрекетінен кейін сауда орны басшылығы жалға алған орнына жеңілдік жасапты.

«Біздің корпорацияға 28 павильон кіреді. Оның 26-сы әлеуметтік базарлар. Яғни мұнда көпшілік тұрғынға азық-түлік басқа дүкендерге қарағанда арзан бағада сатылады. Осындай қайырымдылық бұрышын басқа базарларда да ашуды жоспарлап отырмыз», - деді «Алматы-финанс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басшысы Нұрлан ӘУЕЗБАЕВ.

Қайырымдылық бұрышы Наурызбай ауданында Абай мен Алтынсарин көшелерінің қиылысында орналасқан. Зейнеткерлер үшін арнайы дүкен сағат таңғы 8 жарымнан кешкі 11ге дейін ашық. Мұндай орындардың санын алдағы уақытта көбейту де жоспарланып отыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир