Алатау ауданындғы жарығы жоқ 413 көшеге жыл соңына дейін толық электр жүйесі орнатылады

Almaty.tv
Almaty.tv
Былтыр тамызда қала әкімімен кездескен алатаулықтар осы мәселені шешіп беруді сұраған еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алатау ауданындағы мүлдем жарығы жоқ 413 көше 2020 жылдың соңына дейін толық электр жүйесімен қамтылатын болады. Алатаулықтар түйткілді мәселе жарықтандыруды тамыз айында қала әкімімен өткізген кездесуде көтергеннен кейін оң шешімін тауып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алатау ауданында осы уақытқа дейін барлығы 413 көшеде мүлдем жарықтың жоқтығы жергілікті тұрғындардың тұрмысын біршама қиындатқан еді. Әсіресе, «Мәдениет» шағын ауданындағы 75 көшеде, сондай-ақ аулаларда мүлдем шам болмаған. Ал, былтыр тамызда қала әкімімен кездескен алатаулықтар осы мәселені шешіп беруді сұраған еді.

БЛИЦ:

1.Сіздерден жарық сұрап «Алматы жарыққа» жаздым. Ешқандай жағдайымыз жоқ деді. Бізде жарық жоқ. Қараңғыда өмір сүріп жатырмыз.

2.Көшенің бәрінде жарық жоқ. Балшық, қиын жағдайда өмір сүріп жатырмыз.

Осылай жергілікті халықтың базынасын тыңдаған шаһар басшысы алдағы уақытта бұл мәселелерді шешуді аудан әкімдігіне тапсырған еді. Бірден қолға алынған істің бүгінде біразы атқарылды.  

«Өздеріңіздің қалталарыңыздан шығарып жасаған электр жүйесі мен айтып отырған басқасының бәрі... мен қазір тапсырма бердім», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Қазіргі уақытта шам болмаған көшелердің барлығында жарықтандыру мәселесі толықтай шешілген. Бүгінде ауданда жалпы аумағы 195 шақырым көшеде жарық бағандары орнатылуда. Ал, «Мәдениет»-тегі 75 көшенің 56-сында электр жүйесі жасақталып, жартылай жарықтандырылған көшелерде құрылыс жұмыстары жылдың соңына дейін аяқталмақ. Ол үшін жобалық-сметалық құжаттар жасалып жатыр дейді аудан әкімі.

«Жалпы аудан бойынша 413 көшеде мүлдем жарық болмаған. Сол көшелердің барлығы жарықтандырылады. «Рахат» мәдениеттің ішіндегі 75 көшенің 56-сы жарықтандырылды. Жаңа форматтағы жарықтандыру бағанаттары орнатылып жатыр», – деді Алатау ауданының әкімі Азамат ҚАЛДЫБЕКОВ.

Алдағы уақытта аудан әкімдігі мен қалалық Энерготиімділік және инфроқұрылымдық даму басқармасы Алғабас пен Теректіні де жарықтандыруды жоспарлап отыр.

Аяулым Көлжігіт, «Алматы» арнасы

Новости партнеров