Маусымның 14-20 аралығына жоспарланған шараны 100-ден астам елдің ғылыми қауымдастығын біріктірген Милсет қозғалысы ұйымдастырғалы отыр. Ерекшелігі сол, көрмеге жастар инженерлік, математика, жаратылыстану бағытындағы жобаларын қояды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Көрмеге жауаптылар осылайша оқушылар арасында ғылымға көбірек ден қойса деген игі тілектері бар. Сондай-ақ, шара барысында Ұлы әл-Фарабидің мұрасы кеңінен таныстырылады.
«Біздің күтіп отырған қонақтарымыз бүкіл әлемнен келеді. Яғни, сонау мұхиттың арғы бетіндегі Мексикадан бастап, мына жағы Азия елдері, Европадан қатысады. Сондықтан, олар келу үшін міндетті түрде алдын-ала жоспарлау керек. Бүкіл әлемнің талантты жастары өздерінің шығармашылықтарын, техникалық, инновациялық жаңалықтарын алып келіп, осы көрмеде көрсетіп, бір-бірімен тәжірибе алмасуы керек», - деді Milset халықаралық қозғалысының қазақстандағы атқарушы мүшесі Ерлан ЖИЕНБАЕВ.