Б. Сағынтаев үндеу жасады: Қауіпті жете түсінбеу – жауапсыздық және қылмыспен пара-пар

26.03.2020 04:15

Ертеңнен бастап қоғамдық көлік қозғалысының кестесі сағат таңғы 6:00-ден кешкі 19:00-ге дейін қысқарады

Instagram

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімі өзінің Instagram парақшасында:

«Құрметті алматылықтар! Коронавирусқа қатысты жағдай біз ойлағаннан әлдеқайда қауіптірек болды. Қауіпті жете түсінбеу – жауапсыздық және қылмыспен пара-пар. Өкініштісі сол, карантинге немқұрайлы қарап, шектеу шараларын сақтамай, халықтың өмірін қауіп-қатерге тіккен жандар азаймай тұр. Жұмысын жалғастырып жатқан спорт залдары мен мейрамханалар, санитарлық нормаларды сақтамаған азық-түлік дүкендері анықталды. Мамандардың сөзіне құлақ аспай, көшеде қыдырып жүрген тұрғындар да бар. Тәртіпке бағынбағандар үшін қатаң шара қолданылады», – деп жазады.

Сонымен қатар, қала әкім Бақытжан Сағынтаев ертеңнен бастап қоғамдық көлік қозғалысының кестесі де қысқартатын жеткізді.
«Бұл ретте төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету – жөніндегі қалалық жедел штабтың өкілдері қосымша шектеу шараларын қарастыруда. Ертеңнен бастап қоғамдық көлік қозғалысының кестесін сағат таңғы 6:00-ден кешкі 19:00-ге дейін қысқартамыз. Сондай-ақ, штабтың шешімімен негізгі сауда нысандары мен қызмет көрсету нысандарының жұмысы тоқтатылды. Бұл шешім тек дәріханалар мен медициналық ұйымдардың, азық-түлік дүкендері, жанар-жағармай стансаларының жұмысына шектеу қоймайды», – деп жазады әкім.