Еліміздің жазушыларына шығармашылық қолдау көрсету мақсатында республикалық «ЖАС АЛАШ» газеті ұйымдастырған «Қазақ пен қала» прозалық байқауы өз мәресіне жетіп, жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Байқаудың негізгі мақсаты – қазақ прозасының тақырыптық ауқымын кеңейтіп, қазақ жазушыларын қала тақырыбын игеруге ынталандыру және бүгінгі заманғы шаһар келбеті мен тыныс-тіршілігін әдеби шығармалар арқылы тарихта қалдыру. Байқаудың бас жүлдесін «Аждаһаның жүрегі» шығармасының авторы Нұрбек Нұржанұлы қанжығасына байлады. Ал екінші орынды Әлихан Нұрбергенұлы, арнайы сыйлықты Досқан Жылқыбай иеленді.
«Байқаудың өзінің шарттары бар. Олардың ішінде мен өзім бір жағынан енді фантастика менен қазіргі заманды түйістіріп отырып, «Аждаһаның жүрегі» деген әңгіме жазған болатынмын. Осы әңгімемді байқауға жібердім. Әңгімемдегі басты тақырып - арман, қиял, махаббат, достық, еркіндік», - деді «Қазақ пен қала» прозалық байқауының жеңімпазы Нұрбек НҰРЖАНҰЛЫ.