«Ózgerіs ustasy»: бүгін осындай құрметке лайық іскерлер марапатталды

«Ózgerіs ustasy»: бүгін осындай құрметке лайық іскерлер марапатталды
Келелі жиын Алматыдағы Ғылым ордасында өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін әлеуеттің әлеуметтік мәселелерін шешуде ортақтасып бірге жұмыла жұмыс істеп жүрген іскерлер бас қосты. Барылығының мақсаты бір - олар нарықта әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту. Көпшілік назарына білім беру, экология және осал топтармен жұмыс істеу салаларында жемісті қызмет көрсетіп жатқан әлеуметтік кәсіпкерлердің үздік үлгілері ұсынылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бірінші кезеңде финалистерді үкіметтік емес ұйымдардан түскен өтінімдердің негізінде отандық және шетелдік эксперттік ұйымдардың өкілдерінен құралған эксперттік комиссия таңдаған еді. Ал олардың арасынан жеңімпаздарды онлайн дауыс беру барысында қазақстандықтардың өздері таңдады.

Жеңімпардар үздік деген марапатпен  қоса 500 000 тг көлемінде сыйақыға ие болады деп күтілуде. Айта кетейік, сыйлықты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің басшылығы, Алматы қаласының әкімдігінің өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері табыстады.  

Бұқараның бизнесте сауатын ашатын, әрі нарыққа бейім іскерлердің қатарын арттыру мақсатында мұндай байлау дәстүрлі түрде жалғасын табуы әбден мүмкін екен.

Новости партнеров