21 мектептің оқушысы «Жас панфиловшылар» қатарына қабылданды

22.02.2020 03:24

«Біз миллион панфиловшылармыз» атты сапты шеруге және концерттік бағдарламаға ұласты

Мұндағы мақсат – ата-бабаларымыздың ерлікпен тапқан ұлы жолын балаларға жеткізу, олардың бойындағы патриоттық, отансүйгіштік сезімдерін арттыру, бірлікке шақыру. 28 панфиловшылар дивизиясының Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі тарих беттерінде мәңгілік қалатыны сөзсіз. Салтанатты қабылдау рәсімі ардагер­лер мен қатысушылардың ұйымдастыруымен «Біз миллион панфиловшылармыз» атты сапты шерумен және концерттік бағдарламамен жалғасты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Біз «Жас панфиловшылар» атты ұйымына қабылданып отырмыз. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш деп білемін. Сонымен қатар, біз аталмыш шарада өз Отанымызды қастерлеп, құрметтеуге, Панфилошылардың дәстүрін сақтауға, бұл қағидаларды ұмытпауға ант бердік», - деді қатысушылар.    

«Мен «Жас панфиловшылар» қатарына кіре отырып, жарқын болашаққа ұмтылғым келеді. Панфилов атамыз сияқты елімді қорғағым келеді», - деді келесі бірі.