7 мамыр: Қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғасын тапқан күн

© Sputnik
© Sputnik
992 жылдың 7 мамырында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылғандықтан «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. 1992 жылдың 7 мамырында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылғандықтан «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал, тарихына көз жүгіртер болсақ, сол жылы тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және ТМД мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нүрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы шықты. Жарлық бойынша, Қазақстан аумағында орналасқан Қарулы Күштер өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. 

Ал, Елбасынан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрлігі құрылып, генерал-полковник Сағадат Нұрмағанбетов министр болып тағайындалған еді. Содан бері тойланып келе жатқан мәртебесі биік мейрамға биыл 28 жыл.

1992 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен үш жүйелі штаб – жаяу әскерлер, әуе қорғанысы күштері мен әскери-теңіз күштерінің бас штабтары бекітілді. Аэроұтқыр күштерге Жоғарғы Бас қолбасшының резерві құзыры берілді. 

Ал, 2001 жылы Қазақстан Орталық, Оңтүстік, Батыс және Шығыс болып 4 әскери  округке бөлінді.

Бүгінде ел өз азаматтарының әскери қызмет атқаруының жағдайы мен тәртібін дербес анықтайды, өз аумағында әскерлердің, қару-жарақтың және техниканың орналасу мәселесін шешеді. Ширек ғасырдан көп мерзімде ұлттық әскер күштері азаматтардың еңсесін тіктеп, еркіндігін кеңейтіп, аянбай еңбек етіп келеді.

Бұл күн – қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғасын тапқан күні. Егемен еліміздің еңсесі биік, туымыздың тұғыры биік, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын, ағайын!    





Новости партнеров