Елімізде жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде мүмкіндігі шектеулі жандардың мерекесі аталып өтті. Алматыда осыған орай Әуезов ауданы әкімдігі 25 кембағалды тауға апарды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар таза ауада шахмат турниріне қатысып, көптен көрмеген достарын көріп арқа-жарқа болды. Қайырымдылық шарасы аясында олар табиғат аясында серуендеп, түскі астан дәм татты.
«Пандемия кезінде шахматтан турнирді өткізе алмай қалған едік. Бүгін сәті түсіп, таза ауада ойынға кірістік. Бәріміз бір ауыздан табиғаты әсем тауға келуді шештік. Бұл жолы келгендердің басым бөлігі таяқпен жүретіндіктен, өздері келе алады. Қайта тауға келіп, шабыт алып, денемізді шынықтырып жүрміз», – деді Әуезов аудандық мүгедектер қоғамының мүшесі Юрий Полукаров.