Түрксіб ауданының тұрғындарына тегін маска таратылды

28.04.2020 в 04:29

Шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Біз біргеміз» қоры аясында жүзеге асып жатыр

Түрксіб ауданының тұрғындарына тегін маска таратылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Біз біргеміз» қоры аясында жүзеге асып жатыр. «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен бүгінге дейін аудан тұрғындарына 175 мың бетперде үлестірілген. Алдағы уақытта 260 мың маска тарату жоспарда бар. Нәтижесінде, жағдайы төмен, көпбалалы және аз қамтылған 5 мыңнан астам отбасы тегін бетпердемен қамтылмақ.

«Көп рақмет айтқым келеді Нұр Отанға. Звандап едім, сөзімді жерге тастамай, алып келді. Осындай жағдайда бізге көмек беріп жатқанына Елбасыға рақмет айтамын», – деді көпбалалы ана Сәуле ӘБІЛДАЕВА.