Елордалықтар Қадір түнін қалай қарсы алуда

astanacb.com
astanacb.com
Елордада мешіттер белгіленген талапты сақтай отырып жұмыс істеп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордада мешіттер белгіленген талапты сақтай отырып жұмыс істеп жатыр. Алайда Қадір түні мешіт жабық болады. Бұл талапқа жамағат қаншалықты бағынуда? Нұр-Сұлтандағы мешіттердің жағдайы туралы әріптесім Асылбек Тойбек  Almaty.tv тікелей эфирінде айтып беруге дайын. 

–  Асылбек, бас қаламызда қасиетті түн алдында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр?

– Қайырлы кеш, Өмір! Иә, қасиетті Қадір түнінде тілеген дұға-тілектеріміз қабыл болсын. Біз қазір елорданың Нұр-Астана мешітіндеміз. Карантин талабы жеңілдетілгеніне байланысты тұрғындар арасында еркінсіну, қауіпті сезінбеу байқалатынын көріп жатырмыз. Сондықтан қасиетті түн алдында мешіттерімізге жамағаттардың келу легін көру үшін арнайы осында біз де келдік. Байқап тұрғанымыздай мешіт тарапынан барлық сақтық шаралары қолға алынған. Жамағатты топ-тобымен мешіттерге кіргізіп жатқан жоқ. Белгілі бір уақытта кіріп шығуға рұқсат етілген. Есік алдында мешіт қызметкерлері тәртіпті реттеп тұр. Ал, біз қазір мешітке келуге рұқсат етілген уақыттан бастап талап-тәртіптің сақталуы туралы Нұр-Астана мешітінің наиб имамы Нариман Исеновтен  сұрап білейік.

– Қазір бірнеше минуттардан кейін мешіт жабылады. Әлде түні бойы қабылдай бересіздер ме?

– Мешіттеріміздің есігі кешеден бері ашылды. Таңғы 07.00-ден кешкі 20.00-ге дейін ашық тұрады, қазір мешіттер жабылады.

– Қаншалықты жамағат сіздердің айтқан ақыл-кеңестеріңізге құлақ түреді?

– Аллаға шүкір, кешеден бері ашылды ғой. Сондықтан жамағаттың саны көп емес. 50-60 шақты адам намазға келеді. Таң намазы, құптан намазы әлі жамағатпен уақытша оқылмайды. Сол түскі, екінті намазы. Оның өзінде келген уақытта ара қашықтығы 1,5-2 метр. Әркім намазын оқып  шығып кетеді, мешітте қалуға болмайды.

– Сізде күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр деуге болады ғой.

– Иә, келген уақытта мешітте антисептик әзірлеп қойған. Жамағат бетперде міндетті түрде тағып келуі керек. Соны жіті қадағалап отырмыз және осыған жамағат үйренді. Намазын оқып шығып кете береді.

– Біз білеміз. Нұр-Астана мешіті жамағат көп жиналатын сол жағалауда тұрған мешіттеріміздің бірі. Бүгін жамағатқа қандай амалдарды үйде жасауға кеңес берер едіңіздер? Және оның сауабы қандай болмақ?

– Бүгін Рамазан айының 26-нан 27-не қараған түн қасиетті түн болып саналады. Сондықтан жамағат түсінеді деп ойлаймыз. Кешкі 20.00-де мешіттер есігі жабылғанмен, дұға есігі әрқашан ашық болады. Сондықтан әр адам өзінің отбасымен өзінің туыстарының арасында дұға жасауға болады. Және осыған орай ҚМДБ қасында «Хикмет» телестудиясы бар және басқарманың ютуб каналы бар. Соны 00.30-дан  02.40 кеткенге дейін тамашалауға болады. Сол жерде Құран хатым дұғасы болады, одан кейін уағыз-насихат, пайдалы дәрістер онлаин режимде көруге мүмкідігі болады.

Иә, көрермендер наиб имам атап өткендей, онлайн режимде Қадір кешінде Құран хатым дұғасын, уағыз-насихат пен пайдалы дәрістерді онлайн режимде өткізеді. Үйде отырып, онлайн режимде дұғаға қатысып, насихат тыңдауға толық мүмкіндік бар.

Рахмет, бізбен тікелей байланысқа шыққан әріптесім Асылбек Тойбек болатын.

Нұр-Сұлтан

Новости партнеров