Алматыда Әзілхан Нұршайықов атындағы стипендия иегерлері анықталды

Іріктеуге 20-дан астам студент пен жоғарғы сынып оқушылары қатысқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Махаббат, қызық мол жылдар» романындағы кейіпкерлер әлемі». Дәл осындай тақырыпта бүгін Алматыда халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов атындағы стипендия иегерлері анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Сегізінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан дәстүрлі байқаудың биыл шарты өзгеріпті. Осы уақытқа дейін прозалық, публицистикалық көркем шығармалар арасында өтсе, биыл суретшілер бақ сынады. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жоғары оқу орнының студенттері мен жоғарғы сынып оқушыларынан 20-дан астам үміткер қатысқан.

«Қандай да өнер туындысына егер ол дарынды адамның қолынан шықса, бейжәй қарау мүмкін емес. Сондықтан Жанар Әзілханқызы биыл сөз шеберлігінен бөлек, сурет өнеріне де көңіл бөліп, осылай байқау жариялап отыр. Биыл бірінші рет сурет өнеріне байқау жарияланғандықтан жұмыстар аса көп емес», - деді Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті Гүлбағиза МҰСАЕВА.

Новости партнеров