Қазақстандық кәсіпкерлер Ready 4Trade жобасы арқылы пайда тапқан

Almaty.tv
Almaty.tv
Дегенмен қазақстандық кәсіпкерлердің халықаралық аудиторияға шығуына кедергілер бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық кәсіпкерлер Ready 4Trade жобасының арқасында онлайн сатылым арқылы 500 мың доллар пайда тапқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Еуропалық одақ қаржыландыратын тиімді бағдарламаға алғашында ел атынан 40 кәсіпорын қатысып, өзінің цифрлық сауда алаңын іске қосу үшін оқыған. Нәтижесінде 30 компания жобаны толықтай аяқтап, табысын едәуір арттырған.

«Көп адам электронды сауданы түсінбейді. Қазіргі кәсіпкерлердің өзі қалай жұмыс істеу керектігін білмейді. Ол жерде түрлі сайт бар. Кейбір компаниялар өзінің сайтын ашып, өзіне магазин ашты», – деді  кәсіпкер Арман Ақбердиев.

Бүгінде аталмыш жобаға сұраныс жоғары. Яғни онлайн сатылымды меңгерген кәсіпкер өз тауарын тек іс жүзінде емес, электронды түрде сата алады.

«Біз жоба қатысушыларымен тыңғылықты жұмыс істедік. Дегенмен қазақстандық кәсіпкерлердің халықаралық аудиторияға шығуына кедергілер бар. Себебі Орталық Азияда жаһандық платформалар жұмыс істемейді. Алдағы уақытта осыны шешу үшін серіктестіктермен келісімге келуді жоспарлап отырмыз», – деді ХСО электронды коммерция жөніндегі халықаралық сарапшы Анабель Сайкс


Новости партнеров