|
25.08.2020 | 11:36
5320

Алматыда қандай мамандықтарға сұраныс артқан

15 мың адамды қамту жоспарда бар

Алматыда қандай мамандықтарға сұраныс артқан

Алматыда бүгінде жұмыс нарығында көлік жөндеуші, дәнекерлеуші, электрик, жүк тиегіштер мен еден жуушылар сұранысқа ие. Бүгін онлайн брифингте қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы жұмыс іздеушілер жайын баяндады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл «Еңбек» бағдарламасы аясында мамандар жұмыссыздарға уақытша екі қолға бір күрек тауып беріп жатыр. Қоғамдық жұмысқа қатысушыларға ең төменгі жалақы мөлшері, яғни 85 мың теңге төленеді. Бүгін оған 12 мың адам қатысады. Ал жалпы 15 мың адамды қамту жоспарда бар.

«Біз жұмысқа дайын азаматтардың барлығын жіберуге дайынбыз. Бұл тек көше, саябақтарды тазарту ғана емес, қарттарға, мүгедектерге көмек көрсету сияқты жұмыстар. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздар мен жұмыс берушілер арасында өте танымал, жыл басынан бері 1110 адам жұмысқа орналастырылды», – деді қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир