Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президенті Ариф Алвиге көңіл айтты
akorda.kz
Карачи қаласының «Джинна» халықаралық әуежайы маңында жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Карачи қаласының «Джинна» халықаралық әуежайы маңында апатқа ұшыраған ұшақта қаза тапқан және зардап шеккен адамдарға байланысты Пәкістан Президенті Ариф Алви мен сол елдің халқына көңіл айтып, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Akorda.kz.
"Жантүршігерлік апатта жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақпын. Қаза қайырлы болсын. Жаратқан марқұмдардың жатқан жерін жайлы етсін. Ал жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", – делінген жеделхатта.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
01.10.2026 08:10
Алматыда автотұрақ тарифі өзгереді: жүргізушілер нені білуі керек
30.09.2026 10:58