|
27.02.2020 | 23:03
2775

ЮНЕСКО клубтар федерациясы аналар мен балаларға арналған тегін курстар мен тренингтер өткізді

Балалардың дұрыс бейімделуіне және мамандықты дұрыс таңдауына септігін тигізеді дейді мамандар

ЮНЕСКО клубтар федерациясы аналар мен балаларға арналған тегін курстар мен тренингтер өткізді Almaty.tv

Жыл басын жақсылықпен баста. Алматыда көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созушылардың қатары артып келеді, деп хабарлайды Almaty.tv. 

 Бүгін Қазақстанның Ұлттық ЮНЕСКО клубтар федерациясының қалалық филиалы «Қазақстан балалары» қайырымдылық қорымен бірлесе отырып, аналар мен балаларға арналған тегін курстар мен тренингтер өткізді. Іс-шараға мегаполистің әр ауданынан келген 20-дан астам отбасы қатысты. Жүрекке жылу сыйлаған қайырымдылық шарасы алдағы уақытта наурыз мерекелерінде де жалғасын тауып, аудиториясын кеңейтпек.

«Республикалық деңгейде биыл үшінші жыл жүзеге асырып отырмыз. Жалпы Қазақстанда ЮНЕСКО клубтарының саны – 141. Әр облыста, әр қалада ЮНЕСКО клубтары бар. Жұмыс істеу бағытына қарай әр түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырады: балалар үйіне барады, қарттар үйіне барады немесе балаларының қарауынсыз қалған жалғыз өмір сүретін қарттардың үйіне барады», – дейді Қазақстандық ұлттық ЮНЕСКО клубтар федерациясының үйлестірушісі Әсемгүл ҚАПАРОВА.

Акцияның басты мақсаты – мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету. Шара барысында балаларға сурет салу терапиясы, жүннен түрлі бұйымдар жасау мен домбырада ойнау өнері үйретілді. Сондай-ақ, аналарға «бала тәрбиесі» бойынша психологиялық тренингтер ұйымдастырылып, соңында концерттік бағдарлама қойылды.  Еліміздегі дәл осындай қайырымдылық шаралары болашақта балалардың дұрыс бейімделуіне және мамандықты дұрыс таңдауына септігін тигізеді дейді мамандар.

«Қайырымдылық шарасының көздегені – балаларды өнерге бейімдеп, алдарына мақсат қоя білуді үйрету және осы арқылы аналарға көмек қолын созу. Әр бала түрлі қосымша курстарға қатысу арқылы өзіне ұнағанын таңдай алады. Бұл баланың қабілетін дамытады. Көп жерлерде осындай курстар ақылы, ал біз олардың тегін үйренуіне жағдай жасаймыз», – дейді «Қазақстан балалары» қайырымдылық қорының қызметкері Жанар НҰРАЙДАРОВА.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир