Бұл туралы аудан әкімінің халықпен есеп беру кездесуінде белгілі болды. Енді бұл үдерісті сақтау үшін, ауданда биыл қосымша бейнебақылау камераларын орнату жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Аудан үшін тағы бір маңызды мәселенің бірі - көгілдір отын. Бүгінде Түрксібтегі 25 мың жеке үйдің 24 мыңы орталық газ құбырына қосылған.
«Мехпоселеок», «Жас қанат» ықшамаудандарында қылмыс 19 пайызға төмендеді. Сондай-ақ, айта кету керек енді патрульдік полиция барлық аулаларды да көлік пен де, жаяу да қадағалап жүретін болады. Былтыр ауданымызда адам көп шоғырланатын 40 жерге «Сергек» бейнебақылау камералары орнатылса, бұл жұмыстар биыл да жүргізілетін болады», - деді Түрксіб ауданы әкімі Бақытжан АҚЖАРОВ.
Еркін микрофон форматында жалғасқан жиында сұрақтардың көпшілігі ауданның тазалығына, аулаларды абаттандыру, жарықтандыру, газ тарту мәселесіне қатысты болды. Тіпті, бұқаралық спортқа да ден қойылса екен деген ұсыныстар айтылды. Әрбір көтерілген мәселенің дені өзекті екенін тілге тиек еткен аудан әкімі барлығы рет-ретімен шешіледі деп сендірді.