|
10.02.2020 | 23:20
3956

Медеу ауданының әкімі соңғы бесінші кездесуін Алатау ықшамауданында өткізді

Шараға жиналған тұрғындар көгілдір отын мен ортақ кәріз жүйесіне қосылу және қаңғыбас иттердің мәселесін көтерді

Медеу ауданының әкімі соңғы бесінші кездесуін Алатау ықшамауданында өткізді Almaty.tv

Халық алдында жылды қорытындылап, есеп беріп жүрген басшы алдағы жоспарымен де бөлісті. Шараға жиналған тұрғындар көгілдір отын мен ортақ кәріз жүйесіне қосылу және қаңғыбас иттердің мәселесін көтерді. Кейбіреулері жұмыссыздық жайын айтып, көпбалалы аналарға көмек көрсетілсе деген тілек білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сондай-ақ, өзі облыста тұрғанымен, Медеу ауданына қарайтын ықшамауданда қауіпсіздікке мән беру керек деп сұрады тұрғындар.

«12 мың тұрғыны бар ықшамауданға бір учаскелік полицей мен көмекші ғана бөлінген. Олардың жұмыс істеу кестесі мен штаттық құрылымын қайта қараймыз. Аудандық полиция басқармасымен сөйлестім. Мәселе 1 ай ішінде шешіледі. Осында кемінде 3 тәртіп сақшысы болады. Сол кезде ұрлық, тонау деректері азаяды деп ойлаймын. Себебі, Алатау ықшам ауданына кіріп-шығатын 2 жол бар. Оған қоса, «Қауіпсіз қала» бағдарламасы аясында бірнеше жоба қаралып жатыр», – деді Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек МӘКЕЖАНОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир