Қазақстан азаматшасы Таиландта түрмеге түсті
Бойжеткен алты айдан астам уақыт «еркін» турист ретінде мерзімі өтіп кеткен визамен Тайланд аумағында жүрген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстан азаматшасы Таиландтағы көші-қон түрмесіне түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
1995 жылғы Қазақстандық қыз алты айдан астам уақыт «еркін» турист ретінде мерзімі өтіп кеткен визамен Тайланд аумағында жүрген. Енді ол депортациялануы мүмкін. Қыз бен оның досы, Ресей азаматы, Бангкок әуежайында ұсталған.
«Консул онымен жеке сөйлесті. Ол шынымен де Қазақстан азаматшасы екен. Енді шешім шыққанға дейін ол көші-қон түрмесінде болады. Үкім келесі аптада шығады. Алдын ала ақпарат бойынша, оны депортациялайды. Әзірге қылмыстық жауапкершілік туралы сөз болған жоқ. Ұстау жағдайына шағым жоқ», - дейді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
21.09.2026 08:12
Қайтыс болған адамның несиесін туыстары өтеуге міндетті ме
20.09.2026 17:09
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
21.09.2026 10:32
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл күйді көтеру жолы
20.09.2026 16:00
Мың жылдық тарихы бар Алматы жайлы қызықты деректер
20.09.2026 10:53