|
24.01.2020 | 23:16
3352

Ұлттық кітапхана қоры 150-ден астам әдеби туындымен толықты

Көрші елмен кітап алмасу жыл сайын дәстүрге айналған

Ұлттық кітапхана қоры 150-ден астам әдеби туындымен толықты

Ресей Федерациясының Бас консулдығы және Ресей Ынтымақтастығы өкілдігі атынан кітапхана қорына 150-ден астам әдеби туынды табысталды. Көрші елмен кітап алмасу жыл сайын дәстүрге айналған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Сыйлыққа келген кітаптардың жанры мен бағыты сан алуан, түрлі саланы қамтиды. Олардың арасында Ұлы Отан соғысына арналған тарихи, көпшілік оқырманға арналған әдеби кітаптар мен ғылыми сөздіктер де бар. Шара барысында, Ұлттық кітапхана қызметкерлері Ресей Ынтымақтастығы өкілдігі басшысы  Ирина Переверзеваға «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісін арнайы табыстады.

«Бүгінгі сый ертеңгі студенттер күніне арналып отыр. Жыл сайын осы уақытта бізге Ресей консулдығы бізге кітаптар сыйлайды. Бізде 2006 жылдан бері Ресей орталығы бар. Ол орталықта 4 мыңға жуық кітап бар», - деді ҚР Академиялық Ұлттық кітапхана директоры Бақытжамал ОСПАНОВА.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир