Бұл – алматылық кәсіпкерлердің Рамазан айындағы қайырымды ісі
Бүгін Алматыда 500 отбасыға тегін азық-түлік таратылды. Бұл – алматылық кәсіпкерлердің Рамазан айындағы қайырымды ісі. Елдегі карантинге байланысты бұрынғыдай көпшілікке ауызашар беруге рұқсат жоқ. Сол себепті жомарт жандар әлеуметтік маңызы бар тағам түрлерін бір қалтаға салып, үй-үйге жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Бүгін бас мүфти қажы өзі марафонды ашып берді. Ары қарай мешіттің имамдары, еріктелер жалғастыратын боламыз. Қайрымдылық шарасына үлес қосқан ат салысқан барша азаматтарға алғыс айтамыз», – деді қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай .