Алматыда студенттер бейбітшілік пен келісім күнін атап өтті

03.03.2020 04:22

Іс-шараға ауданнан бірнеше оқу орыны қатысты

almaty.tv

Алғыс айту күніне орай мерекелік шаралар бүгін де өз жалғасын тапты. «Алматы сервистік қызмет көрсету» колледжінің студенттері бейбітшілік пен келісімнің салтанатты күнін атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мақсат – Қазақстанның көпұлтты халқының ортақ тарихын құрметтеу, қиын кезеңдерде қазақ халқының өзге ұлт өкіліне жасаған жақсылығын көпшілікке үлгі ету. Концерттік шарада түрлі этностың билері мен әндері шырқалды.

«Қиын-қыстау кезеңде Қазақстан көптеген ұлт өкілдерін сенімділігі,  мейірімділімен құшағына алған. Іс-шараға ауданымыздан бірнеше оқу орыны қатысып жатыр», – деді «Алматы сервистік қызмет көрсету» колледжі директорының орынбасары Аида ҚАЛИЕВА.