Алматыда Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аясында халықаралық конференция өтті

Алматыда Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аясында халықаралық конференция өтті
Ұлттық инженерлік академияның бастауымен өткен бұл шараға 100-ден астам ғалым қатысқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл күллі түркі дүниесінің ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аясында  Алматыда CITech (Сайтэх)  халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық инженерлік академияның бастауымен өткен бұл  шараға 8 секция бойынша 100-ден астам ғалым қатысқан. Олардың ішінде Ресей, Германия, Сербиялық ғалым да бар. Олар ақпараттық және есептеу технологиясы салаларының заман талабына сай қолданысын талқыға салды. Әл-Фараби ілімін дәріптеп, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту мақсатында ұйымдастырылыған бұл ауқымды шара биыл тоғызыншы рет өткізіліп отыр.

«Әл-Фарабидің 1150 жылдығын атап өту жөніндегі мемлекеттік комиссияның іс-шаралар жоспарына сәйкес республикалық және өңірлік деңгейлерде 50-ден астам шара өткізу көзделген. Соның шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясы халықаралық конференция өткізіп отыр. Басты мақсат – ғалымдар арасында тәжірибе алмасу және жастарды ғылымға тарту», – деді CITECH конференциясы ұйымдастыру комитетінің төрағасы Бақытжан Жұмағұлов.

Ал,  ғалымдар ұлы тұлғаның сан саладағы еңбектерін заманауи технологиялар көмегімен насихаттау жұмыстарына баса мән беруде. Оқушылар әл-Фарабиді мақтан тұтуы үшін тер төгуіміз керек дейді олар.

«Фараби ашқан нәрсені қалай елге жеткіземіз деген, сомен айналысқым келіп тұр. Қалай қарапайым ел білуі керек, түсінуі керек, мектептегі оқушы қалай мақтан етуі керек әл-Фарабиді. Компьютерсіз оқыту қиын. Оны қай бала отырады сонша бұрышты салып. Ал компьютерде оқытсақ, жеңіл және көп нәрсені түсініп алуға болатындай жағдайға жетеді балалар», – деді педагогика ғылымдарының докторы, профессор Есен Бидайбеков.

Новости партнеров