Астанада мас адам жедел-жәрдем дәрігеріне шабуыл жасады

03.06.2024 04:15

Полиция бұзақыны ұстап, үстінен әкімшілік іс қозғады

elements.envato.com

Астанада ер адам үйіне келген медицина қызметкеріне пышақ ала жүгірген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Айнықталғандай, әйел адам күйеуінен қорлық көріп, жедел-жәрдемге қоңырау шалған. Дәрігерлер үйдің табалдырығынан аттаған сәтте, ер адам фельдшерді ұстап алып, басқа бөлмеге кіргізіп, тамағына пышақ тақайды. Сол кезде екінші дәрігер полицияға хабарласып үлгіреді.

Полиция бұзақыны ұстап, үстінен әкімшілік іс қозғады.

Дәргерге шабуыл жасаған ер адам 25 жастағы жігіт болып шықты.

Оқи отырыңыз: «Жер-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды