30 градус ыстық: Наурыздың соңғы күндеріне ауа райы қандай болады

27.03.2026 21:25

«Қазгидромет» РМК наурыз айының соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады

Depositphotos.com

«Қазгидромет» РМК наурыз айының соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды 

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз, нағыз жылы көктемгі ауа райы күтіледі. Тек батыс өңірлерде және оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында кейбір күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағаймен бірге жаңбыр жаууы мүмкін.

«Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде тұман түсуі күтіледі», – делінген синоптиктердің мәліметінде.

Күндізгі ауа температурасы:

  • батыста +18…+27°С дейін;
  • солтүстікте +10…+17°С дейін;
  • орталықта +15…+25°С дейін;
  • шығыста +12…+20°С дейін;
  • оңтүстікте +23…+30°С дейін;

Ал оңтүстік-батыста температура сәл төмендеп, +13…+20°С шамасында болады.

Оқи отырыңыз: Алматыда 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында ауа райы қандай болады