Әкімшілік рақымшылыққа кімдер ілігуі мүмкін

27.03.2026 13:58

Сенат депутаты айыппұлдарды есептен шығарғаннан кейін бюджеттің қанша қаражаттан қағылу мүмкіндігіне қатысты пікірін білдірді

Almaty.tv

Сенат депутаты Марат Қожаев әкімшілік рақымшылыққа кімдердің ілігуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Әкімшілік рақымшылық алғаш рет өткелі отыр. Елімізде әкімшілік әділетке қатысатын 70 субъект бар. Менің білуімше, қазір барлық тараптан ұсыныстар жинақталып жатыр. Талқылаулар барысында рақымшылыққа ең алдымен халықтың әлеуеттік осал тобы ілігуі керек деген ұсыныстарды естіп жатырмын. Егер бар болса олар еңбек, соғыс ардагерлері, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтар, көпбалалы отбасылар және басқалары", - деді сенатор Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін.

Сондай-ақ ол айыппұлдарды есептен шығарғаннан кейін бюджеттің қанша қаражаттан қағылу мүмкіндігіне қатысты пікірін білдірді.

"Ондай қауіп бар. Бірақ, айыппұл белгілеу – бұл ең алдымен бюджетті толықтыру емес, құқық бұзушылықтың алдын алу жолы", - деді Марат Қожаев.

Оқи отырыңыз: Бектенов ЕАЭО жүк ағындарын ЖИ платформасы арқылы үйлестіруді ұсынды