31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Қазақстанда 125 мыңнан астам адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі-жаппай саяси қуғын-сүргін мен миллиондаған адамдардың өліміне әкеп соқтырған жантүршігерлік ашаршылықты еске алу күні, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

1997 жылдан бастап жыл сайын Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Бұл - сталиндік террор дәуірінде жазықсыз қаза тапқандарды еске алу күні.

Сол кездегі мемлекеттің қатал саясаты, аштық пен жаппай қуғын-сүргін, жазықсыз адамдарды қудалау және күшпен депортациялау халық арасында айтарлықтай шығынға әкелді. Репрессия миллиондаған адамдарға әсер етті.

Қазақстанда 125 мыңнан астам адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілді. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Тынышбаев, М. Дулатұлы, Т. Рысқұлов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров сынды қайраткерлер мен ұлт зиялылары бар. Саяси құрбандар лагерьлерге жіберіліп отырды. Қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың әйелдері де Ақмола облысында орналасқан «АЛЖИР» лагерінде азапталды.

Қуғын-сүргін жылдары Қазақстанның лагерьлеріне 5 миллионнан астам адам жер аударылды.

1993 жылы «Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» туралы заң қабылданған болатын. Соның нәтижесінде жазықсыз жала жабылғандар ақталды. Ақтау шаралары әлі де жалғасып келеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үндеуінде «Біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз» деген болатын.

Дереккөз: БАҚ 

Оқи отырыңыз: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу: 300 мыңнан астам адамның ісі қайта қаралды

Новости партнеров